Pandora компаниясының Құпиялылық саясаты

PANDORA компаниясының Құпиялылық саясаты

1. Осы Құпиялылық саясатының мақсаты

PANDORA компаниясы (PANDORA, біз немесе біздің) Сізбен және басқа тапсырысшылармен әрекеттестік және жекелеген үшінші тараптар туралы ақпаратты ең жоғарғы сапалы өнімдер мен қызметтерді жеткізу мақсатына жету үшін пайдаланады.

PANDORA компаниясы желі пайдаланушыларының және PANDORA Club және eStore қызметі мүшелерінің құпиялылық құқықтарын сақтайды және олар туралы жиналатын ақпаратты қорғау маңыздылығын ескереді. Осы себепке байланысты жеке мәліметтердің жауапты түрде қолданылуын қамтамасыз ету рәсімдерін жасақтадық. Осы Құпиялылық саясаты Сізге жиналатын мәліметтердің түрлері, мәліметтерді жинау және пайдалану мақсаттары, оларды қолдану әдісі, оларды ортақ пайдалану және мәліметтерді пайдалануға қатысты таңдаулар туралы ақпаратты береді.

www.pandora.net/kk-kz/ тораптарын қоса PANDORA веб-тораптарына кіріп, Сіз PANDORA компаниясының Шарттары мен талаптарымен, Cookie саясатымен және осы Құпиялылық саясатында аталған басқа құжаттармен бірге осы Құпиялылық саясатының мазмұнын қабылдайсыз. Осы Құпиялылық саясаты Сізден жиналатын немесе Сіздің бізге беретін мәліметтерді өңдеу негізін белгілейді. Мәліметтерге және оларды қолдануға қатысты пікірлерімізді және әдістерімізді түсіну үшін мынаны мұқият оқып шығыңыз.

Осы Құпиялылық саясатының кейбір бөліктері веб-тораптар мен қызметтерді пайдалану үшін PANDORA торабында тіркелуді талап ететін веб-тораптар мен қызметтерді (мысалы, PANDORA Club және PANDORA eStore) пайдалануға қатысты жеке мәліметтерді жинауға және өңдеуге нақты қолданылады.

Егер құпиялылыққа қатысты сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылығыңыз болса немесе егер Сіздің бізге берген жеке мәліметтерге қатысты сұрауларыңыз болса, PANDORA компаниясына кез келген уақытта хабарласуға болады. Бізге хабарласу туралы мәлімет алу үшін “Байланыс ақпараты” тармағын қараңыз.

2. Мәліметтерді қорғау үдерісін басқару

PANDORA A/S және «АМАДЕО ЦА» (PANDORA, біз немесе біздің) компаниялары мәліметтерді өңдеу мақсаттарын және құралын белгілейді.

3. Жиналатын жеке мәліметтердің түрлері

Барлық іс-әрекеттеріміз қатаң әдеп қағидаларына және заң талаптарына негізделген және веб-тораптарымыздың және (ұялы) бағдарламаларымыздың барлық пайдаланушыларының құпиялылығын қорғауға мүдделіміз. Осы себепке байланысты мәліметтерді жинау және сақтау жолы веб-тораптың және қатысты бар қызметтердің пайдалану әдісіне байланысты.

3.1 Бізбен әрекеттестік арқылы жиналатын деректер

Жақсарту, пайдаланушыға ыңғайлау, тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру үшін веб-тораптарымызда және (ұялы) бағдарламаларымызда әр түрлі технологиялар пайдаланылуы мүмкін. Осындай технологиялар біздің немесе біздің атымыздан үшінші тараптардың деректерді автоматты түрде жиналуына әкелуі мүмкін. Осындай технологияларға cookie файлдары, flash cookie файлдары және веб-талдау жатады.

3.1.1 Торапқа кіру деректері

Тораптарымыздың біреуіне кірген кезде шолғыштан серверге деректер жіберіледі. Осы деректер қызметтерді оңтайландыру және веб-тораптар мен бағдарламаларымыздағы пайдалану тәжірибеңізді жақсарту мүмкіндігін береді. Деректер біздің немесе біздің атымыздан үшінші тараптардың тарапынан автоматты түрде жиналады және сақталады.

Жүйені басқару және ішкі маркетингтік талдау мақсаттарында жиынтық мәліметтерді хабарлау үшін компьютер туралы ақпаратты жинай аламыз. Бұл пайдаланушылардың шолу әрекеттері мен үлгілері туралы статистикалық деректер.

Әсіресе, осы деректер мынаны қамтуы мүмкін:

  • кірушінің IP мекежайы,
  • кірген күні және уақыты,
  • ұсыным URL мекенжайы (кірушіге ұсыным жасалған торап),
  • веб-торапта кірген беттер,
  • Пайдаланылатын шолғыш туралы ақпарат (шолғыш түрі мен нұсқасы, операциялық жүйе, т.б.).

3.1.2 Cookie файлдары

Веб-торабымызда cookie файлдарын пайдаланамыз. Cookie файлдарын пайдалану және веб-талдау құралдары пайдаланылатын немесе веб-тораптарымызда ендірілген қосылатын модульдері бар тараптардың құпиялылық саясаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін Cookie саясатымызды оқып шығыңыз.

3.2 Сіз беретін деректер

Автоматты құрал арқылы жиналатын деректерден бөлек Сіздің бізге беретін деректерді өңдейміз. Бұған мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: § жеке басыңызды куәландыратын жеке деректер, соның ішінде байланыс ақпараты, атыңыз бен тегіңіз, есеп-шот жіберу немесе жеткізу мекенжайы, туған күні, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, несие және дебит картасы туралы ақпарат. Егер басқа адамның жеке деректерін берсеңіз, осындай ақпаратты бізге ашуға құқығыңыздың бар екеніне көз жеткізіңіз,

  • PANDORA веб-торабының немесе қызметінің (мысалы, PANDORA Club) мүшесі болу үшін тіркелген уақытта берілген ақпарат,
  • Тілектер тізімін немесе жеке дизайнды жасаған кезде берілетін ақпарат,
  • PANDORA компаниялар тобы немесе PANDORA A/S компаниясы демеушілік ететін сайысқа немесе науқанға қатысқан кезде берілетін ақпарат,
  • Facebook қызметі сияқты үшінші тараптар арқылы берілетін ақпарат,
  • қызметтеріміз арқылы торабымызға кері жүктелетін немесе ол арқылы ортақ пайдаланылатын ақпарат,
  • желі профилін жасаған кезде осы профильде сақталатын теңшелімдер мен қызығушылықтар (профильдерге қатысты қосымша ақпарат алу үшін төмендегіні қараңыз),
  • егер бізге хабарлассаңыз, осы байланыс жазбасын сақтай аламыз,
  • егер торабымыздағы ақаулық жөнінде немесе техникалық немесе тұтынушы қолдауы бойынша хабарлассаңыз, осы байланыс немесе сөйлесу жазбасын сақтай аламыз.
  • Біз әрі Сізден зерттеу мақсаттарында пайдаланылатын сауалнамаларды толтыруды сұраймыз, дегенмен, Сіз олардан бас тарта аласыз. Барлық осы деректер Сіздің осы мәліметтерді өзіңіз бергеніңізбен сипатталады. Осы мәліметтерді осы Құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттарда пайдаланамыз. Жеке мәліметтеріңізді үнемі түзеттіре немесе қосымша өңделуге қарсылық білдіре аласыз (6 ішкі бөлімін қараңыз).

4. Жиналатын деректер қалай пайдаланылады?

Сіз жөнінде сақталатын мәліметтерді мына жолдармен пайдалана аламыз:

  • торабымыздағы мазмұнды сізге және компьютеріңізге ең тиімді түрде ұсыну,
  • тапсырысыңызға қатысты мақсаттарда, мысалы, тапсырыс немесе жеткізілім күйі жөнінде хабарлау, өнімдерге қатысты сұраққа жауап беру сияқты сұрауларды орындау, сізге жақын дүкенді табу, тапсырысты орындау, төлем картасын өңдеу және/немесе Сізге тұтынушы қызметін қамтамасыз ету. Деректерді сенімділік деңгейіңізді анықтау үшін пайдалана аламыз, сондай-ақ, бұл үшін үшінші тараптарды тарта аламыз,
  • жеке басыңызды куәландыру және Сіздің бізге тапсыруыңыз мүмкін сұрауға жауап беру, өтініміңізді өңдеу және Сізге мүмкіндігінше үздік қызметті жеткізу үшін,
  • Сіздің бізбен жасалған келісім-шарттардан туындайтын міндеттемелерді орындау үшін,
  • Сізге таңдалған кезде қызметтің интерактивті мүмкіндіктеріне қатысуға мүмкіндік беру үшін,
  • Сізге қызметтерге енгізілген өзгерістер, шарттар, талаптар мен саясаттардың өзгерістері туралы және/немесе басқа әкімшілік ақпаратты хабарлау үшін,
  • Сізге PANDORA веб-тораптарының немесе қызметтерінің (мысалы, PANDORA Club) мүшесі ретінде артықшылықтар мен қызметтерді қамтамасыз ету үшін,
  • есептік құжаттарды басқару және жүргізу үшін,
  • PANDORA веб-тораптарының немесе қызметтерінің (мысалы, PANDORA Club) мүшелігін басқару үшін,
  • Сізге таңдалған кезде тораптың интерактивті мүмкіндіктеріне қатысуға мүмкіндік беру үшін,
  • Жасалуы мүмкін Тілектер тізімін сақтау және Сізге Тілектер тізімін басқалармен ортақ пайдалану мүмкіндігін беру үшін,
  • Жеке зергерлік бұйымдарын жасақтау және осы жасақтамаларды сақтау үшін,
  • Сізге "досына жіберу" функциясы арқылы басқаларға электрондық хабар жіберу мүмкіндігін беру үшін,
  • Сізге бәстесуге, сайыстарға және ұқсас науқандарға қатысу және осындай шараларды басқару мүмкіндігін беру үшін. Осы шаралардың кейбіреуінде жеке басыңызды куәландыратын мәліметтерді пайдалану және жария ету туралы қосымша ақпарат болуы мүмкін қосымша ережелері бар,
  • веб-тораптардағы мазмұнды Сізге бейімдеу және Сізге теңшелген ұсыныстарды қамтамасыз ету
  • теріс пайдаланудың немесе алаяқтықтың алдын алу немесе анықтау,
  • Сіздің тікелей келісіміңізбен маркетинг, жарнамалау және пікірді зерттеу мақсаттарында өзіңіз берген байланыс мәліметтері арқылы Сізге хабарласа аламыз (мысалы, кәдімгі пошта, электрондық пошта, SMS хабарламасы, телефон немесе басқа электрондық құрал). Мысалы, бұған PANDORA өнімдеріне, электрондық сауда шараларына, ерекше ұсыныстарға және науқандарға қатысты ақпарат, әрі жергілікті дүкеннің ашылу, жергілікті дүкен шаралары туралы ақпарат жатады. Сізді әбден қызықтыруы мүмкін ақпаратпен Сізге хабарласу үшін, PANDORA компаниясымен жалпы әрекеттестігіңіз (соның ішінде, бірақ шектелмей: электрондық дүкендердегі, PANDORA дүкендеріндегі сатып алуыңыз, адалдық бағдарламаларына қатысу, өнімдерге берген бағаңыз және сараптамаңыз, тұтынушы қызметімен байланысу тарихы, жаршыны басу/ашу нәтижелері, шолу әрекеті (веб-бақылау), жазылған жаршы түрлері, науқандарға немесе шараларға қатысу, ұялы бағдарламалармен әрекеттестік және оларды пайдалану) бірге талданады және пайдаланылады. Жеке деректерді маркетинг, жарнамалау және пікірді зерттеу мақсаттарында пайдалана аламыз. 6-бөлімде құқықтарыңыз туралы ақпаратты табасыз, мысалы, келісімді қайтып алу немесе жеке мәліметтерді түзету Өзіңіз берген жеке деректерді пайдалану мерзімі қажет деп есептелетіннен ұзағырақ болмайды, бірақ шексіз болуы мүмкін.

5. Ақпаратты жария ету

Басты қағидаларымызға деректерге күтіммен және құпиялылықпен қарау жатады. Алдын ала келісіміңізді алмай, осы Құпиялылық саясатында көзделгеннен басқа жағдайларда жеке мәліметтерді үшінші тараптарға жария етпейміз. Егер заңнама талап етсе, деректер үшінші тараптарға жария етілуі мүмкін. Қолданылатын заңнама бойынша рұқсат етілсе, деректерді PANDORA компаниялар тобының басқа бөлімшелеріне табыстай аламыз.

PANDORA компаниясының атынан әрекет ететін қызмет жеткізушілерін және деректер өңдеушілерін пайдалана аламыз. Қызметтерге орналастыру және қызмет көрсету қызметтері, талдау қызметтері, электрондық хабарларын алмасу қызметтері, жеткізу қызметтері, төлем транзакцияларын өңдеу, төлем қабілеттілігін және мекенжайын тексеру жатады. Белгілі бір қызметті жеткізу үшін осы үшінші тараптарға талап етілетін осындай жеке деректерге қатынас беріледі. Қызмет жеткізушілері және деректер өңдеушілері келісім-шарт бойынша осындай мәліметтерді ең қатаң құпиялылықпен қолдануға міндеттеледі. Келісім-шарт бойынша деректерді талап етілетіннен басқа жолмен пайдалануға рұқсат берілмейді. PANDORA компаниясының атынан әрекет ететін қызмет жеткізушілерінің және деректер өңдеушілерінің деректер құпиялылығы қорғауын қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдар қолға алынады .

Жеке емес мәліметтерді серіктестерімізге анонимдік түрде жария ететін жағдайлар болуы мүмкін. Осындай жеке емес мәліметтер белгілі бір уақыт кезеңінде веб-торапқа немесе (ұялы) бағдарламаға кірген пайдаланушылар саны туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

PANDORA компаниясымен әрекеттесу арқылы орналастырылатын немесе жария етілетін кез келген мәліметтердің (мысалы, жіберетін фотосуреттердегі, әңгімелердегі, аңғартпалардағы және бейнелердегі жеке деректер) ашық ақпаратқа айналып, Торапқа кіретін пайдаланушыларға және жалпы жұртшылыққа қол жетімді болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Соттың немесе басқа құзыретті органның заң талабын немесе нұсқауларын орындау, Құпиялылық саясатын және басқа келісімдерді қамтамасыз ету немесе қолдану немесе PANDORA A/S немесе PANDORA компаниялар тобының, қызметкерлердің, тапсырысшылардың немесе өзгелердің құқықтарын, мүлкін қорғау немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді жария ету немесе ашу міндеті шегінде жеке мәліметтерді жария ете аламыз. Бұған алаяқтықтың алдын алу және несие тәуекелдерін азайту мақсаттарында басқа компаниялармен және ұйымдармен ақпарат алмасу жатады.

6. Құқықтарыңыз

Егер жеке мәліметтерді веб-тораптар немесе басқа арналар арқылы берсеңіз, бұл толық ерікті түрде жүзеге асады. Егер сұралған ақпаратты бермесеңіз, әр түрлі тұтынушы артықшылықтары қол жетімді болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда бізге қажетті жеке мәліметтерін тапсырған адамдар өнімдерге тапсырыс бере алады, кейбір қызметтерді пайдалана алады және веб-торапта және (ұялы) бағдарламада қол жетімді шаралар мен ұсыныстарды пайдалана алады. Деректер бақылауын сақтап қалу үшін нақты жағдайларға қарай әр түрлі опцияларды ұсынамыз. Осы опциялар деректерді желіде көрсету мен өңдеуді қамтуы мүмкін. Әрі жазылған қызметтерден бас тартуға, пайдаланушы тіркелгілерін жоюға немесе қолдағы деректер туралы ақпарат алуға болады.

Маркетинг мақсаттарында жеке мәліметтердің өңделмеуін сұрауға құқығыңыз бар. Жеке мәліметтерді осындай мақсаттарда пайдалану жоспары болған кезде немесе осындай мақсаттарда жеке мәліметтерді үшінші тарапқа жария ету ниеті болған кезде Сізге хабарлаймыз (деректерді жинамас бұрын). Деректерді жинау үшін пайдаланылатын үлгілердегі кейбір жолақтарға құсбелгі қоймай, осындай өңделуге келісім бермеуді таңдай аласыз. Әрі privacy@pandora.net арқылы немесе осы Құпиялылық саясатының соңында көрсетілген пошталық мекенжайы арқылы бізге хабарласып, кез келген уақытта осы құқықты пайдалана аласыз. Кейде торапта серіктес желілерінің және бөлімшелерінің веб-тораптарына сілтемелер болуы мүмкін. Егер осы веб-тораптардың сілтемесін бассаңыз, осы веб-тораптардың жеке құпиялылық саясаттары болатынын және осы саясаттар бойынша ешбір жауапкершілікті немесе міндеттемені қабылдамайтынымызды ескеріңіз. Осы веб-тораптарға жеке мәліметтерді жібермес бұрын осы саясаттарды тексеріңіз.

6.1 Келіспеу және жазылымнан бас тарту құқығы

PANDORA компаниясы Сізге жіберетін жаршыны немесе маркетинг мазмұнын қамтитын электрондық хабарларда тиісті электрондық хабардағы нұсқауларды орындау арқылы осындай электрондық хабарлар алудан бас тарту опциясы бар. Егер біз жіберетін электрондық хабарларды алғыңыз келмесе, осы жазылымнан бас тарту гиперсілтемесін басыңыз және Сізге кейін электрондық хабарларды жіберуді тоқтатамыз.

Егер веб-тораптағы немесе (ұялы) бағдарламадағы әрекетіңіз туралы ақпараттың жиналуына және бағалануына қызығушылық танытпасаңыз, 11 ішкі бөлімінде төменде сипатталғандай веб-талдау деректерінің жиналуынан бас тартуға болады.

Егер кәдімгі поштаны, электрондық поштаны, SMS хабарламаларын, телефонды немесе басқа электрондық құралды қоса жалпы жарнамалық ақпарат пен ұсыныстарды алуға келісіміңізді қайтып алғыңыз келсе, “деректер қорғауы” деп көрсетіп, PANDORA компаниялар тобына PANDORA A/S, Havneholmen 17-19, DK-1561 Copenhagen V, хат жазып немесе электрондық хабар жіберіп, осы әрекетті кез келген уақытта орындауға болады. Жеке басыңызға қатысты күдік болған жағдайда Сізден жеке басыңызды куәландыруды сұрай аламыз (мысалы, төлқұжат көшірмесін жіберу арқылы). Қалыпты байланысу ақысын қоспағанда, бұл тегін.

Қызмет көрсету хабарламалары немесе әкімшілік хабарландырулар сияқты жіберілуі мүмкін хабарлардың басқа түрлеріне келсек, осындай хабарлардың алынуын тек тіркелгіні жою арқылы тоқтатуға болады, себебі осындай хабарлар пайдаланушы тіркелгілерінің және веб-тораптар мен (ұялы) бағдарламалардың байланысты пайдалануының міндетті бөлігі болып табылады. profilesupport@pandora.net мекенжайына электрондық хабар жіберу арқылы тіркелгі жойылады.

6.2 Ақпарат сұрау құқығы

Сіз жеке мәліметтерге қатынас алуға құқылысыз. Бізге жазып (төменде көрсетілген мекенжай бойынша), Сіз біздегі сіз туралы мәліметтердің және оларды ұстау мақсаттарының деректерін сұрай аласыз. Сол уақыт және жауап беру уақыты арасында жалғасатын қалыпты өңдеуге қарай осы ақпаратты өтінім түскен сәттен бастап 40 күн ішінде береміз. Осы ақпарат үшін сізден тиісті ақы алынуы мүмкін (қолданылатын деректерді өңдеу заңнамасы рұқсат еткен шекте)

6.3 Түзетуді сұрау құқығы

Сіз туралы сақталатын жеке мәліметтерді түзетуді, толықтыруды, жоюды немесе бұғаттауды сұрау құқығына иесіз. Өтінім түскен сәттен бастап төрт апта ішінде сұрауыңыздың орындалатын және бұл жағдайда орындалу шегін хабарлаймыз. Егер белгілі бір себептен сұрауыңызды орындай алмасақ, Сізге бұған не себеп болғанын жеткіземіз.

7. Ақпарат қауіпсіздігі және деректер тұтастығы

Жеке мәліметтерді байқаусыз немесе рұқсат етілмеген жойылудан, жоғалтудан, өзгерістер енгізуден, рұқсатсыз пайдаланудан, жария етілуден немесе қатынасудан, әсіресе, өңдеу деректерді желі арқылы беруді көздеген жағдайда, және өңдеу мен теріс пайдаланудың барлық өзге рұқсат етілмеген үлгілерінен қорғау үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын қолға аламыз. PANDORA компаниясы жеке мәліметтерді жинау және өңдеу ісінде үшінші тарап өңдеушілерін пайдаланады. PANDORA компаниясы тартқан кез келген үшінші тарап өңдеушілері жеке мәліметтерді өңдеуге PANDORA компаниясының нұсқауларына сәйкес кіріседі және жеке мәліметтерді қолданған кезде қатаң қауіпсіздік рәсімдерін ұстануға келісім-шарт бойынша міндеттеледі.

7.1 Ақпаратты қорғау

PANDORA компаниясы өзінің атынан жеке мәліметтерді жинау үшін үшінші тарап іскерлік серіктестерін тарта алады. Осындай жағдайларда осы үшінші тараптар құпиялылық келісімдеріне бағынады және PANDORA Құпиялылық саясатын толық орындау нұсқауын PANDORA компаниясынан алады. Сізге тораптың белгілі бір бөліктеріне қатынасу мүмкіндігін беретін құпия сөз берілген кезде (немесе өзіңіз таңдаған) кезде Сіз осы құпия сөздің құпиялылығы үшін жауапты боласыз. Құпия сөзді басқа біреуге ашпауды сұраймыз. Өкінішке қарай, Интернет арқылы берілетін ақпарат барынша қорғалмайды. Жеке мәліметтерді қорғауға бар күш-жігерімізді жұмсағанымен, торапқа берілетін деректер қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз; кез келген деректерді өз тәуекеліңізбен бересіз. Мәліметтерді алғаннан кейін, рұқсатсыз қатынасты болдырмау әрекеті аясында қатаң рәсімдерді және қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдаланамыз.

7.2 Жеке мәліметтерге қатынас

PANDORA Club:

www.pandora.net торабындағы тіркелгіге, кейін Club торабына кіріп, жеке мәліметтерді ашуға және өзгертуге болады. “Менің профилім” түймесін басыңыз және жеке мәліметтерге қатынасты аласыз.

Егер бізге берген кез келген мәліметтер өзгерген болса, мысалы, егер электрондық пошта мекенжайы немесе өзге байланыс деректері өзгерсе немесе егер біздің тораптағы тіркелуден бас тартқыңыз келсе, "Менің профилім" бетіндегі мәліметтерді өңдеп немесе осы сілтеме арқылы бізге электрондық хабар жіберіп хабарлаңыз. Егер кез келген сұрақтарыңыз болса, profilesupport@pandora.net арқылы бізге хабарласыңыз. Егер қаласаңыз, жеке мәліметтерді Сіз үшін өзгерте аламыз. Бұл жағдайда жоғарыдағы электрондық пошта мекенжайына электрондық хабар жіберіңіз немесе төмендегі пошталық мекенжайына бізге хат жазыңыз.

8. Әлеуметтік желілер

Веб-торабымызда және (ұялы) бағдарламаларымызда әр түрлі әлеуметтік желілерден Әлеуметтік қосылатын модульдері беріледі. Егер әлеуметтік желімен әрекеттесуді таңдасаңыз, веб-торабымыздағы және (ұялы) бағдарламаларымыздағы әрекетіңіз Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілерге қол жетімді болады.

Егер веб-тораптарымыздың және (ұялы) бағдарламаларымыздың біреуінде осы әлеуметтік желі тораптарының біреуіне кірсеңіз, әлеуметтік желі торабы осы ақпаратты профиліңізге қосуы мүмкін. Егер Әлеуметтік қосылатын модульдерінің біреуі қосылған болса, осы ақпарат әлеуметтік желі торабына беріледі. Осындай деректердің берілуін қаламаған жағдайда веб-тораптарымыздың немесе (ұялы) бағдарламаларымыздың біреуіне кірмес бұрын әлеуметтік желі торабынан шығыңыз.

Әлеуметтік қосылатын модульдері арқылы осы деректер жиналуына және деректер берілуіне ықпал ете алмаймыз. Жеке мәліметтерді жинау және беру, берілетін құқықтар және тиісті құпиялылық баптауларына қол жеткізу туралы толық ақпарат алу үшін осы әлеуметтік желілердің құпиялылық саясаттарын оқып шығыңыз.

Сонымен қатар, пайдаланушы және бренд тәжірибесін жақсарту үшін деректерді қорғау және құпиялылық ережелеріне сәйкес өңделу үшін деректер үшінші тарапқа (мысалы, Facebook) табысталуы мүмкін.

Facebook: http://www.facebook.com/about/privacy/

Twitter: http://twitter.com/privacy

Google +: http://www.google.com/intl/en/policies/privacy/

9. Географиялық орналасу қызметтері

(Ұялы) бағдарламаларымыздың кейбіреуінде Google карталары және Bing карталары сияқты орын қолдауы бар қызметтерді ұсынамыз. Егер осы (ұялы) бағдарламаларды пайдалансаңыз, олар нақты орын туралы ақпаратты (мысалы, ұялы құрылғы жіберетін GPS сигналдары) немесе орынды шамамен анықтау үшін пайдалануға болатын ақпаратты алуы мүмкін. Жалпы, құрылғы немесе шолғыш баптауларында орын қызметтерін қосуға немесе ажыратуға болады.

Келесі PANDORA дүкенін табуға көмектесу үшін Google карталары немесе Bing карталары қызметін пайдаланамыз. Бұны жеңілдету үшін маршрут деректерін сақтап, Google карталары немесе Bing карталары қызметінен кескінді жүктейміз және кескінді серверге орналастырамыз.

Google карталары қызметі және оның құпиялылық саясаты туралы қосымша ақпарат алу үшін мынаны қараңыз:
Google: http://www.google.com/intl/en/policies/privacy/

Bing карталары қызметі және оның құпиялылық саясаты туралы қосымша ақпарат алу үшін мынаны қараңыз:
Bing карталары: http://privacy.microsoft.com/en-us/fullnotice.mspx

10. Adobe веб-талдауы

Веб-торабымыздағы және (ұялы) бағдарламаларымыздағы веб-талдау қызметтерін Adobe компаниясы қамтамасыз етеді (www.adobe.com). Бұл, шолғыш баптауларында cookie файлдарына рұқсат берілмегенді қоспағанда, веб-торабымызға немесе (ұялы) бағдарламаларымызға кірген кезде Adobe cookie файлдарының компьютерге сақталатынын білдіреді (PANDORA Cookie саясатын қараңыз).

Бұл қосымша веб-торабымызға немесе (ұялы) бағдарламаларымызға кірген кезде жоғарыдағы 2-тарауда сипатталған веб-талдау деректерінің, соның ішінде “торапқа кіру деректері”, “веб-шамшырақтар және бақылау сілтемелері” деректері және Adobe cookie файлдарында сақталатын ақпарат, PANDORA компаниясының атынан талдау үшін Adobe компаниясына жіберілетінін білдіреді. Веб-торабымызда немесе (ұялы) бағдарламаларымызда желі профилін жасаған кезде және осы профильге кірген кезде, веб-талдау деректерін осы профильге сәйкестендіру үшін осы профильді айқындайтын бірегей нөмірдің Adobe компаниясына жіберілетінін ескеріңіз.

Adobe компаниясы PANDORA компаниясының өкілі ретінде әрекет етеді, сондай-ақ, бұл деректерді пайдалану мақсаттарын PANDORA компаниясының өзі белгілейтінін және Adobe компаниясының ақпаратты үшінші тараптарға жария етпейтінін білдіреді (заңнама немесе сот шешімі бойынша талап етілгенді қоспағанда). Құпиялылық жағынан бұл PANDORA компаниясының “бақылаушы”, ал Adobe компаниясының “өңдеуші” екенін білдіреді. PANDORA және Adobe компаниялары арасындағы қатынастар туралы қосымша ақпаратты http://www.adobe.com/uk/privacy/analytics.html торабында “Қызметтерді жеткізу жөніндегі құпиялылық саясаты” тармағындағы Adobe компаниясының құпиялылық саясатында табуға болады .

Егер веб-торабымыздағы немесе (ұялы) бағдарламамыздағы әрекетіңіз туралы ақпараттың Adobe компаниясы тарапынан жиналуын және бағалануын қаламасаңыз, кірушінің бас тарту функциясын пайдалана аласыз. Бұл таңдалған бас тарту түріне қарай Adobe компаниясының өзі жинайтын мәліметтерді анонимді ететінін (бірақ деректерді жинай беретінін) немесе кіргеніңіз туралы ақпарат жинауын мүлдем тоқтататынын білдіреді. Осы кіруші бас тартуы Сізден компьютерге сақталатын Adobe cookie файлын қабылдауды талап етеді. Adobe веб-торабының құпиялылық саясаты бөліміндегі сілтеме арқылы кіруші бас тартуына өтінім тапсыра аласыз.

11. Қайта бағыттау технологиялары

Веб-торабымызда және (ұялы) бағдарламаларымызда қайта бағыттау технологиялары пайдаланылады. Бұл дүкенімізге және өнімдерімізге қызығушылық танытқан кірушілерге серіктестеріміздің веб-тораптарынан тікелей жарнамалау мүмкіндігін береді. Дараланған, қызығушылыққа негізделген жарнаманы көрсетудің жеке байланысы жоқ жарнамаға қарағанда тапсырысшыларға қызықтырақ болатынына сенеміз.

Біз әрі Интернет арқылы біздің атымыздан жарнама ұсыну үшін бақылау технологияларын пайдаланатын басқа компаниялармен жұмыс істейміз. Осы компаниялар веб-торабымызға немесе (ұялы) бағдарламаларымызға кіру және жарнамаға қоса хабарламалармен әрекеттестік туралы ақпаратты жинай алады.

Қайта бағыттау технологиялары cookie файлдарын талдайды және жарнаманы бұрынғы шолу әрекеті негізінде көрсетеді. Cookie файлдары туралы қосымша ақпарат алу үшін осы құпиялылық саясатының 2-бөлімін қараңыз.

12. Байланыс ақпараты

Жеке мәліметтерді өңдеуге немесе құпиялылық саясатына қатысты кез келген сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Байланыс мәліметтері:

PANDORA компаниялар тобы
DataProtection@Pandora.net

Әрі PANDORA компаниясына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:
PANDORA A/S
Havneholmen 17-19
1561 Copenhagen V
Дания
Email: privacy@pandora.net

13. Осы саясат өзгертулері

PANDORA компаниясы құпиялылықтың және деректерді қорғаудың негізгі қағидаларын ұстану міндетін алды. Сондықтан, құпиялылық саясатын жаңарту және құпиялылық пен деректерді қорғау қағидаларымен сәйкестендіру үшін оны мерзімді түрде сараптап тұрамыз. Интернетке қатысты жаңалықтарды және мүмкіндіктерді ескеру және басым заңнама талаптарын сақтау үшін осы құпиялылық саясатына ара-тұра өзгерістер енгізілуі мүмкін. Саясатқа енгізілетін ауқымды өзгерістер құпиялылық саясатының жаңартылған нұсқасымен бірге веб-торабымызда жарияланады.

Құпиялылық саясатына кейін енгізілуі мүмкін кез келген өзгерістер осы бетте орналастырылады және қажет болған кезде Сізге электрондық пошта арқылы хабарлануы мүмкін.

Жаңарту: 2015 жылдың қарашасы.

Сіз өзіңіздің тілектер тізіміңізбен қалай бөліскіңіз келеді?

Жіберу алдында сіздің тілектер тізіміңіздегі керек емес элементтерді жасырыңыз
Армандарыңыздың орындалуы үшін барлығын жасаңыз
Қазіргі сәтте Сіздің тізіміңіз бос

PANDORA клубының мүшесі бүгін блыңыз және тілектер тізімінің функциясын пайдаланыңыз

Өзіңіздің тізіміңізге әшекейлерді бүгін қоса бастаңыз

Табу
Қосу
Әшекей қосылды
Тілектер тізімімен бөлісу Өз тілектер тізімін көру
Бұдан былай бұл хабарламаны көрсетпеу